Бүгін балабақшамызда кәсіподақ ұйымымен келе жатқан 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл ерекше күні ерлер қауымына құрмет көрсетіліп, олардың еңбегі мен жауапкершілігі ерекше аталып өтті.
Ұжым ер азаматтарға жылы лебіздер мен жүрекжарды құттықтаулар жолданып, ізгі тілектер айтылды. Кәсіподақ атанан сыйлықтар табысталды.
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтай отырып, елге деген адал қызметтеріңізге ризашылығымызды білдіреміз. Әрдайым абырой биігінен көрініп, еңбектеріңіз елене берсін! Денсаулық, бақыт, табыс тілейміз!
Ел қорғаны бола білген азаматтарымыз әрқашан абырой биігінен көріне берсін!

